Пәкістандағы теракт: вокзалдағы жарылыстан 25 адам қаза тапты

Сырым Қаржас

Пәкістанның Кветта қаласында теміржол вокзалында жарылыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыс теміржол вокзалында таңғы сағат 08:25-те, Jaffer Express пойызы Кветтадан Пешаварға аттанар алдында болған.

CNN арнасының хабарлауынша, шабуылды сепаратистік Белуджистан азат ету армиясы (BLA) тобы өз мойнына алды.

«Теміржол вокзалындағы жарылыс өзін жарып жіберген жанкештінің салдарынан болды», – деді полиция.

ҚҰРБАНДАР

Қаза тапқандар саны 25 адамға жетті, тағы 53 адам жарақат алды.

"Жарылыстан астаң-кестеңіміз шықты. Адамдар жүгіріп, айғайлап жатты, кейбіреулері өлі жатыр, кейбіреулерінің қолдары мен аяғы жоқ", – деді Фарид есімді куәгер CNN телеарнасына.

Қаза тапқандар арасында жолаушылар, вокзал қызметкерлері мен қауіпсіздік күштері бар. Жергілікті қауіпсіздік күштері аумақты қоршауға алды, тергеу жүріп жатыр.