Әлеуметтік желіде Атырау облысы Мақат ауданы Кішкене елді мекені газ өңдеу зауытының жұмыскерлерінің президент Тоқаевқа үндеу жолдаған видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«ӘКІМ ХАЛЫҚТЫ АЛДАП ОТЫР»
Олар өз үндеулерінде зауыт басшылығы заңсыз қудалап жатқанын айтады.
– Қазақ елі, біз, Ескене елді мекені, газ өңдеу зауыты Qazaq Constraction Group мекемесінде жұмыс жасайтын жұмысшылармыз. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Кемеұлына үндеу жасаймыз. Біздің қояр талабымыз – Ескене газ өңдеу зауытына арнайы комиссия жіберуіңізді сұраймыз. Біздің айтар уәжіміз – Мақат ауданының әкімі, депутаттары және Qazaq Constraction Group басшыларымен бірлесіп ауыз жаласуда. Зауыттың аяқталу пайызын өтірік айтып, халықты, жұмысшыларды алдауда. Біз басшыларға уәжімізді айтсақ, жұмыстан адамдарды шығарып, қудалауда, – дейді жұмысшылар.
«ТАЛАП ЕТЕМІЗ!»
Олар бірауыздан бірқатар басшының жұмыстан кетуін талап етіп отыр.
– Qazaq Constraction Group директоры Мақсат Қадырқұл мырза бізге 5 қазан күні жиналыс болып, директор Файзулла, зам Мұрәділ, начальник участка Нұрбек, СБ Алмат, Сайт менеджері Өтебаев Талғат, еңбек қатынасы Бекзат, отдел кадров Ляззат есімді басшыларды жұмыстан шығаруды уәде беріп, орындамады. Жұмыс орнында жүріп жұмысшыларға қысым көрсетуде. Біздің нақты талабымыз осы аталған адамдарды жұмыстан тез арада кетіріп, өзіңіздің арнайы комиссияңызды жіберуді талап етеміз, – дейді зауыт жұмысшылары.
Еске салсақ, Атырауда блогер мен депутат дауласып қалған болатын.