Екі облыста жүк қозғалысына шектеу қойылды

Ғалиасқар Думан

Ауа райының бұзылуына байланысты Жамбыл, Түркістан облыстарында республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

ҚазАвтоЖолдың мәліметінше, Жамбыл облысында 13 қарашада сағат 17:00-де республикалық маңызы бар “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады.

Түркістан облысында республикалық маңызы бар “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынады.

ҚазАвтожол мәліметінше, 2024 жылғы 13 қарашада Абай, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Павлодар, СҚО, Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында қар күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеру сұралады.