ШҚО сотының мәліметінше, шағым түсірген ер адам өзінің көпбалалы отбасы ретінде үй кезегіне тұрғанын, алайда еш себепсіз кезектен шығып қалғанын жеткізген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Талап-арыз Зайсан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің үстінен берілді.
Сот мән-жайды тексере келе, отбасын мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегінен алып тастауға заңды негіз жоқ деген қорытындыға келді.Талапкердің көпбалалы отбасы екендігі іс материалдарымен расталды. Сот шешімімен отбасы қайта кезекке қойылды, - делінген хабарламада.