2025 жылы «Оскар» сыйлығына ұсынылатын отандық фильм белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл ақпарат жайлы фильмнің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.
«Бауырына салу» – «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша 2025 жылғы «Оскар» сыйлығына ұсынылған қазақстандық фильм.
Фильмде көшпелі қазақ халқының ежелгі дәстүрі бойынша сәби кезінде әжесінің тәрбиесіне қалған Ерсұлтанның оқиғасы баяндалады. Бала 12 жасында әжесінен айырылып, ата-анасына оралуға мәжбүр болады.
Режиссер Асхат Кучинчиреков бұл фильмнің жеке тәжірибесіне негізделгенін атап өтті. Оның айтуынша, ата-әжесінің қолында тәрбиеленген балалардың психологиялық жарақаттарға тап болуы сирек емес.
Бұған дейін фильм беделді Asia-Pacific Film Awards сыйлығында «Үздік жастар фильмі» номинациясы бойынша марапат алған.