Грузияда жаңа наразылық акциясы өтті

Сырым Қаржас

Грузия астанасында 19 қарашада демонстранттар қуылып, Тбилиси мемлекеттік университетінің (ТМУ) бірінші корпусы ғимаратының жанындағы лагерь бұзылғанына қарамастан, наразылық акциялары қайта өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Ведомости

Оппозиция белсенділері бұрын полиция уақытша тұрағын таратқан сол корпусқа жиналды.

Оппозиция басшылары түнде наразылық орнында қалуға ниетті екенін айтты. Бұл осы күзде елді шарпыған бірқатар акцияның жалғасы.

Оқиғалар хронологиясы:  

21 қазан: мыңдаған Грузия азаматтары ЕО тарапынан бұл процестің үзілуіне қарамастан еуроинтеграция үшін шеруге қатысты.  

29 қазан: ТМУ студенттері 26 қазанда өткен сайлау нәтижелеріне наразылық білдірді. Олар алдымен университетке жиналып, содан кейін Руставели даңғылына қарай бет алды. Ол кезде оппозициялық күштер сайлауды жарамсыз деп тануды талап етті.  

1 қараша: оппозиция парламенттік сайлаудың ресми қорытындыларына қарсы жаңа митинг жариялады.  

Грузияның орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, Грузин арманы партиясы 54% дерлік дауыс алған. Сайлаушылардың келуі 58,94% құрады.

Еске сала кетейік, "Грузин арманы" өзін Ресеймен бейбіт қарым-қатынасты сақтай алатын партия ретінде көрсетеді. Оппозиция Батыспен байланысты нығайтуға және ЕО ұсынымдарын орындауға бағытталған, өйткені Грузия жақында ЕО кандидаты мәртебесін алған.