1 қаңтардан бастап екі түрлі жәрдемақының мөлшері өседі: қанша теңгеге

Сырым Қаржас

Үкімет әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы тиісті қаулыны бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылған және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін жәрдемақы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұлғаяды. Оларға қазіргі мөлшердің 6,5% қосылады. 

Қаулы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

2024 жылы жалпы ауру-сырқаттан мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері мынадай соманы құраған:

  • І топ үшін – 95 496 теңге;
  • ІІ топ – 76 397 теңге;
  • ІІІ топ – 52 089 теңге.  

2024 жылдың 1 қазанындағы көрсеткіш бойынша, мүгедектігі бар 542,2 мың қазақстандық жәрдемақы алған.

2024 жылы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылған азаматтар 58 849 теңге, асыраушысынан айырылған азаматтарға 62 763 теңгені құрайды. Олардың жалпы саны 157,9 мың адам.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ  

Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 457,1 млрд теңге бағытталған. Бұған қосымша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған азаматтарға шамамен 59,6 млрд теңге төленді.