«ҚазМұнайГаз бері келген жоқ»: Жаңаөзенде жұмысшылар ереуілдетіп тұрғанына 10 күн болды

Аян Өрібай

Жаңаөзендегі "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" компаниясының жұмысшылары Ulysmedia.kz тілшісіне әлі де наразылық танытып тұрғандарын хабарлады.

Ulysmedia коллажы

ҚАЗМҰНАЙГАЗДАН ЕШКІМ КЕЛГЕН ЖОҚ

– Әлі де тұрмыз. Наразы болып тұрмыз. Ереуіліміз жалғасып жатыр. ҚазМұнайГаз (өкілдері) бері қарай келген жоқ. Ешқандай хабар да келмеді. Бұрынғыдай талаппен тұрмыз, – деді 

12 қарашада кешке Жаңаөзенде "Өзенмұнайгазға" қарасты "Бұрғылау жұмыстары басқармасы"(БЖБ) компаниясының жұмысшылары жұмысты тоқтатып ереуілге шыққан.

БЕС ТАЛАП

  • "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" комнаиясының жұмысшылары басшылыққа бұған дейін бес талап қойған. Сол талаптарынан айнымаған: 
  • ӨМГ зейнеткерлері мен денсаулығынан айырылған мұнайшылардың балаларын тікелей штатқа алу;
  • Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу;
  • Ұжымдық шартта 2013 дейін болған дербес еңбекақы төлеу жүйесін қайтару;
  • машинистер мен операторлардың дәрежесін көтеру;
  • 30% қосымша жалақы тәртібін төлеуді ұжымдық шартқа енгізу.

Осыдан кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясы «Өзенмұнайгаздың» наразы жұмысшыларының талабына жауап берген болатын.