Ұстаным өзгермейді: Шымкенттің әкімі су ресурстары компаниясын мемлекетке қайтармақ

Сырым Қаржас

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков "Су ресурстары маркетингі" ЖШС-не тиесілі су арнасын мемлекеттік меншікке қайтару туралы сұраққа жауап бергісі келмеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Шымкент мамандандырылған экономикалық соты кәсіпорынның су қабылдағыштарын, кәріз-тазарту құрылыстарын (қож) және автокөлік цехын коммуналдық меншікке қайтару туралы шешім шығарған. Қала әкімдігі монополиясыздандыру процесі жалғасатынын атап өтеді. Келесі қадам су арнасын қайтадан қаланың меншігіне беру болуы мүмкін.

Бұл жаңалық қала тұрғындары арасында қызу пікірталас туғызған. Кәсіпорын басшылары соған байланысты баспасөз жиынын өткізген. "Су ресурстары маркетингі" ЖШС қаланың едәуір бөлігіне қызмет көрсетеді. Серіктестік басшылығының өзі әкімдіктің әрекеттерін заңсыз деп атап, бітпейтін тексеру жүргізіліп жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Мемлекет меншігіне қайтарғысы келетін су арнасының өзі 25 жылдан астам уақыт бойы компанияның иелігінде болды.

ӘКІМ НЕ ДЕЙДІ  

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыдықбеков Ulysmedia.kz порталының сұрағына берген жауабында істің егжей-тегжейін ашқысы келмейтінін мәлімдеді. Су арнасын мемлекеттік меншікке қайтару бойынша үлкен баспасөз мәслихатын өткізетінін айтып, оған редакциямызды шақырды. 

– Менің ұстанымым өзгермейді. Стратегиялық нысан мемлекетке тиесілі болуы тиіс. Компания жекешелендірілген кезден бастап, яғни мемлекеттен жеке қолға дейін заңбұзушылықтар бар. Онда көптеген сұрақ бар. Әр сұраққа біз міндетті түрде жауап береміз, - дейді әкім.

Иесі компанияның Еуропалық қайта құру және даму банкі алдында миллиардтаған қарызы барын мәлімдеген еді.