Қарағандыда университет колледжі лицензиясынан айырылуына байланысты 200-ден аса студент далада қалып, келесі семестрге дейін жаңа оқу орнын іздеуге мәжбүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Медициналық колледждің студенті Ангелина Гирковаяның айтуынша, оқу орны түлектер дипломды алғанға дейін алаңсыз білім ала алады деп сендірген.
Бізге 3-курстан бері 4-курсты аяқтай алатынымызды айтты. Олар бәрі жақсы болатынын, дәл осы медициналық колледждің дипломын алатынымызға сендірді. Әрине, біздің ренішіміз орынды. Өйткені уәде етілген білімімізді аяқтай алмайтын жағдайға тап болдық, – деп ағынан жарылды колледж студенті.
Студенттер толық абыржу үстінде, өйткені олар дәл осы колледжді таңдаған. Сонымен қатар, бұл жерде оқу басқа оқу орындарымен салыстырғанда қымбатқа түскен. Оларға Қарағандыдағы екі колледжде немесе басқа қалаларда білімін жалғастыру ұсынылған.
Қарағанды медициналық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Қуатбек Төлебеков орта арнаулы білімге қаржы бөлгеннен қарағанда жоғары білім маңызды екенін айтты.
Біз үшін дәрігерлерді даярлау және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру маңыздырақ. Орта арнаулы біліммен мамандарды даярлау және оқыту бізге біраз қиындық туғызады. Бұл біздің негізгі қызметіміз емес, – деді проректор.
Университет проректоры Қуатбек Төлеубековтің айтуынша, қазіргі жағдайда бұл мүмкін болмай отыр.
Мәліметерге сенсек, Қарағанды медициналық университеті колледжінің жұмысын тоқтату туралы шешім екі жыл бұрын қабылданған. Колледждің жұмысын университет базасында жалғастыру экономикалық жағынан тиімсіз деп есептелді. Осы себепті жаңа топтар қабылданбады, ал 3-4 курс студенттерін аяқтауға жоспарланған. Реорганизацияға байланысты енді университет жаңа лицензия ала алмайды. Бұған қоса, жаңа топтардың болмауы және кейбір оқытушылардың жоқтығы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.
Лицензияның болмауы колледж студенттеріне білім беру жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік бермей отыр. Осыған сәйкес 218 студентті қала мен облысындағы басқа орта оқу орындарына бөлу туралы шешім қабылданыпты. Болашақ фельдшерлер, медбикелер, фармацевттер, стоматологтар және тіс техниктері жаңа колледждерді осы семестрдің соңына дейін таңдап, білім алуға тиіс.
Студенттер үшін 20 қарашада оқу күні аяқталғаннан кейін осы жаңалықты есту күтпеген жағдай болды. Олар тек өз топтастарымен қоштасты. Таныс оқу орнынан кету ғана емес, жоспарлаған шетелдік оқу орындарына түсу мүмкіндіктерінің төмендеуі жайлы алаңдап жатыр. Кейбір студенттер оқу бітіргеннен кейін Германия, Италия, Ресей оқу орындарына түспекші болған. Проректор хабарлағандай, колледждердің түлектері шетелде дипломды растау рәсімін бірдей өтуге тиіс.
Университет өкілдері өңірдегі барлық профильді колледжбен келісімшарттың бар екенін және студенттерді қабылдауға дайын екенін хабарлады. Қажет болған жағдайда басқа өңірлердегі оқу орындарымен де келіссөздер жүргізуге дайын екенін білдірді.Университет басшылығына студенттердің ата-аналарымен колледждерге ауысу мәселесін талқылау әлі қажет. Бұл кездесулер дүйсенбіге жоспарланған.
Сонымен қатар колледжде жұмыс істеген 22-ден астам оқытушы жаңа жұмыс орнын іздеуге мәжбүр болады. Кейбір оқытушылардың біліктілігі сәйкес келсе, оларды университетке жұмысқа шақырады.
Бұған дейін колледждерге құжат тапсыру рәсімі жеңілдейтінін жазған едік.