Антициклон әсерінен күшті жел соғады: 24 қарашада қандай ауа райы күтіп тұр

Сырым Қаржас

Синоптиктер 2024 жылғы 24 қарашаға арналған Қазақстандағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Ел аумағының басым бөлігі өзімен бірге жауын-шашынсыз ауа райын әкелетін орасан зор антициклонның ықпалында болады.

«Республиканың барлық аумағында түнде және таңертең тұман күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында – жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады. Түркістан облысының тау асуларында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 30 м/с жететін өте күшті жел соғуы күтіліп отыр», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -10-12°, күндіз -1-3°.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 0-5 жел соғады, күндіз екпіні секундына 8 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4°, күндіз +5+7° жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 8-13, екпіні 15-20, кей уақытта секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -1+1°, күндіз +11+13°.