«Майқайыңалтын» кен орнындағы апат: трагедияның себебі айтылды

Сырым Қаржас

Павлодар облысының әкімі Асаиын Байханов "Майқайыңалтын" кенішіндегі төтенше жағдайдың себебін айтты. Апаттың салдарынан үш құтқарушысы мен бір жүргізуші қаза тапқан болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

ТЖ СЕБЕБІ  

Асаин Байхановтың айтуынша, шахтадағы төтенше жағдай шахтада жер қойнауының құлауына байланысты болған. Төрт жолаушысы бар автобус түнде сағат 01:01 уақытында құлап түскен. 

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ   

"Майқайыңалтын" зауытының жаңа басшылығы техногендік апатқа байланысты жердің барлық қабатын қалпына келтіру бағдарламасы әзірлеген.

– Бағдарлама бекітілді. Ол алтын өндіруші компанияның қаражаты есебінен қалпына келтіріледі, – деді әкім.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

4 қаңтарға қараған түні Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінің маңындағы "Майқайың алтын" шахтасының аумағында түтін шығып, сол жаққа аттанған құтқарушылар мінген автобус кен топырағы опырылған шұңқырға құлап кеткен. Автобуста ПВАССС РО Павлодар филиалының үш құтқарушысы мен жүргізуші болған. 2024 жылдың сәуір айында Астана соты "Майқайың алтын" АҚ кеніштегі қайғылы оқиғаға толық кінәлі деп таныды. Майқайыңың маңы алтын, көмір кен орындарын қазу салдарынан толған ойықтар мен шахталар.

18 қыркүйекте Павлодардың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына істің алты қатысушысына қатысты материалдар келіп түскені белгілі болған.

Олардың арасында басшылық құрамның өкілдері бар. Күдіктілердің барлығы топтық жазатайым оқиғаны тергеу актісі бойынша жауапты адамдар ретінде танылған. Барлық айыпталушылар үшін сот бұлтартпау шарасы ретінде үй қамағына алуды бекіткен.