Қазақстан Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен қарыз алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz..
МӘН-ЖАЙЫ
Мәжіліс Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялады. Келісім 2024 жылы 11 қазанда Астана қаласында жасалған.
ҚАНША
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің қарызы Қазақстанға 5 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 84,9 млрд йен сомасында 11 жыл өтеу мерзімімен беріледі.
Тартылатын қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеуді республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады.
ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ
Қарыз «Инклюзивті және тұрақты экономикалық өсу» атты даму саясатын қаржыландыру аясында республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және әлеуметтік-экономикалық ахуалдың тұрақтылығын қолдап отыру, экономиканы қалпына келтіруге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру үшін тартылады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Қазақстан Азияның екі ірі банкінен 105 млрд йен қарыз алатыны хабарланған.
Біріншісі, Азия Даму банкін. Қазақстан 52,3 млрд йен қарыз алады. Өтеу мерзімі – 15 жыл. Қарызды алғанда 2027 жылдың 1 шілдесіне дейін жеңілдік беріледі. Қарыз ақшасы республикалық бюджеттің дефициті шеңберінде елдің экономикасының тұрақтылығын қамтуға беріледі.
Екіншісі, Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі. Мұннан 52,7 млрд йен қарыз алмақ. Оның да өтеу мерзімі – 15 жыл. Қарызды алғанда 2027 жылдың 1 шілдесіне дейін жеңілдік беріледі. Бұл қарыздың да ақшасы республикалық бюджеттің дефициті шеңберінде елдің экономикасының тұрақтылығын қамтуға беріледі.