Астанада хакерлер "Астана Опера" лэд-экранын бұзып, оған Украина туын орнатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана әкімдігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл оқиғаға әлі түсініктеме берген жоқ.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан астанасына Ресей президенті Владимир Путин келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев елордалық әуежайда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті. Қонақтың құрметіне әуе айлағында құрметті қарауыл сап түзеді.
Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы шынайы достықтың белгісі ретінде екі елдің туын ұстаған балалар президент Владимир Путинді және ресми делегация мүшелерін қарсы алып, өлең оқыды. Содан кейін кәсіби суретші Әсел Сабыржанқызы (Ассол) мемлекет басшыларына Владимир Путиннің Астанаға ұшқан сәтінен бастап сала бастаған суретін ұсынды. Ол мемлекет басшыларына сурет салуды ұсынды. Сурет Ресей президентіне сапары аяқталғаннан кейін сыйлық ретінде беріледі.