Қырғыз президенті Садыр Жапаров Астанаға келді

Қалижан Бектемір

Қырғыз президенті Садыр Жапаров Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ҚР Үкіметі

Қырғыз мемлекетінің басшысы 28 қараша күні Астанада өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.

Онда мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік жағдай, оның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсері туралы пікір алмасады, ынтымақтастық нәтижелері мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды.

Сонымен қатар 28 қарашада Астанада Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Владимир Путинді қарсы алды