Көкшетауда Путиннің келуіне қарсылық білдірген белсенділердің үстінен іс қозғалды

Сырым Қаржас

Астанаға кеше Ресей президенті Владимир Путин келген кезде Көкшетауда белсенділер Қазақстан мен Украинаның туын алып шығып, наразылық білдірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

#NotTerrorists парақшасынан

Көкшетауда Ресей басшысының Қазақстанға келуіне қарсылық білдіріп, белсенділер ту алып, Путиннің кетуін талап етіп, бағағат сөз жазылған плакатпен шыққан. Ақпарат әлеуметтік желіге тарап кетті. "Белсенділер экстремист емес тобындағы” ақпаратқа қарағанда, полиция Қазақстан мен Украина туын көтерген азаматтық белсенділер Марат Жанұзақов, Бауыржан Балташев, Уәлихан Нығметовті ұстаған. Сәлден соң босатқан.

Ұсталған азаматтардың үстінен "ұсақ бұзақылық жасады" және "балағат сөз айтты" деген әкімшілік кодекстің баптары бойынша іс қозғалған. 

ПУТИННІҢ САПАРЫ

Кеше Астанаға Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алған еді. Екі елдің басшысы келіссөз жүргізіп, бірқатар құжатқа қол қойған.