«Олар бәріне араласады»: саясаттанушы Ресейден Қазақстанға қандай қауіп барын айтты

Сырым Қаржас

Саясаттанушы, Гарвард университетінің аға ғылыми қызметкері, Дэвис орталығының Орталық Азия бойынша бағдарламасының жетекшісі Наргис Касенова Ulysmedia порталының бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында Қазақстанға көрші Ресейден қандай қауіптер барын айтып берді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

– Біз еті тірі сайлау саясаты бар елдерде не болып жатқанын көріп отырмыз. Ресей олардың саясатына қатты араласады.  Молдовада, Грузияда не болып жатқанын да. Жүйеде либерализация жүргізілсе, мұндай араласудың өзіне тоқтау қоюға жол ашады. Біз Мәскеудің қозғалысқа, саяси партияларға демеушілік жасайтынын білеміз, бұл Ресей жасай алатын ең үлкен қауіп, ол қысым жасайды, қысым артып келеді, - деді Гарвард университетінде бірнеше жылдан бері АҚШ-та жұмыс істеп келе жатқан белгілі саясаттанушы.

Оның пікірінше, Ресей әуелі "ішкі саяси процестерге араласуы мүмкін", ал келесі кезеңде "ашық агрессияға" баруы ықтимал.

– Үшінші деңгей – ашық агрессия. Бірақ, менің ойымша, ықтималдығы жоғары емес, Ресей аймақтағы ашық қақтығыстарға бармайды деп ойлаймын (Орталық Азияда), - деді ол.

Сонымен қатар, саясаттанушы ресейлік шенеуніктер, саясаткерлер тарапынан Қазақстанға жасалған қысымды атап өтті.

– Егер біз ресейлік сарапшыларды оқитын болсақ, олар "олар қолымыздан шығып кетті, Қазақстан, Армения сияқты елдердің рақметі жоқ, олар ешқайда кете алмайтынын өздері түсінбейді, енді біз арнайы операциямен айналысып жатырмыз, бірақ содан кейін тәртіп орнату қажет болады" дейді. Менің ойымша, қысым осылай өсіп келеді, егер олар басқа аймақтарға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік алса, онда сіз тіпті себеп бере алмайсыз. Оларға бәрі ұнамайды. Біздің тарих кітаптарымызда жазғанымыздың өзі оларды тітіркендіреді, баспасөзіміз де, олар барлық жерде араласады,- дейді саясаттанушы.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден көруге болады.