"Қазақтелеком" АҚ филиалы – Сервистік фабрикасының лауазымды адамдары "өкілеттілігін асыра пайдаланды" деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің "Қазақтелеком" АҚ филиалы – сервистік фабрикасының лауазымды тұлғаларына қатысты өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Филиалдың бас директоры мен бірқатар қызметкерлері мемлекет мүддесіне қайшы іс-әрекеттерге барған. Сонымен қатар басшылық Тараз қаласындағы Қоғамның әкімшілік ғимаратын төмен бағамен сатқан.
Олардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 450 миллион теңгегеден астам сомаға материалдық залал келтірілді.
Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.