Мемлекетке заңсыз алынған 2 трлн теңге қайтарылды

Сырым Қаржас

Бұл туралы Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов мәлім еткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Егемен Қазақстан басылымына сілтеме жасап.

Ulysmedia коллажы

АҚША ҚАЙДА ЖҰМСАЛЫП ЖАТЫР

Басылымға сұхбат берген бас прокурор шамамен 2 трлн теңге сомасындағы активтер қайтарылғанын хабарлайды. Оның сөзінше, Үкімет жанындағы комис­сия отырысында активтерді қайтару субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық қаласында 120 орын­дық дарынды спортшы бала­ларға арналған спорт кешені, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда 400 орындық ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығы құрылысы мақұлданған.

Қазір Бас прокуратура комитеті 18 млрд теңгеден аса сомаға 7 әлеуметтік жобаны іске асыру туралы келісімдер жасасты. Сондай-ақ Үкімет Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін, Түркістан облы­­сының Темірлан ауылында музыка мектебін, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы бала­бақша мен Атырау облысының Жамансор ауылында мектеп салу туралы шешім қабылдады.

ЖАРТЫ ТРЛН ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ

Бұған дейін активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілгенде комиссия 525 млрд теңгеден астам қаражат мемлекетке аударылып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдерін мақұлданғаны хабарланған еді. Қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аударумен қатар, заң субъектілері есебінен келесі объектілердің құрылысы мақұлданған: Арқалықта дарынды спортшы балаларға арналған 120 орындық спорттық кешен, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 400 орындық жаттығу орталығы.

Биылдан бастап комиссия қайтарылған активтер бойынша жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам келісімдерді мақұлдаған. Бұл қаражатқа бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы басталған. Сонымен қатар, Зеренді ауылында спорттық кешен және Түркістан облысындағы Темірлан ауылында музыка мектебінің құрылысына қаражат бөлінген.