«Ұдайы байланыста болу»: Тоқаев Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Қалижан Бектемір

Президент Қ.Тоқаев АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ақорда

Ақорда таратқан хабарламаға қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының президенті болып сайлануымен құттықтаған.

“Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растаған.

Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді” делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласқаны айтылды.