Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болады

Қалижан Бектемір

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін ведомство басшысының бұйрығының жобасын дайындады. Құжат "Ашық НҚА" порталында орналастырылған және 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін жария талқылауға қолжетімді болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы кәсіптік мерекелер тізбесін мынадай күндермен толықтыруды көздейді:

Қаржы мониторингі жөніндегі органдар күні – 28 қаңтар;

Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні – шілденің бірінші жексенбісі;

Теміржол көлігі күні – тамыздың бірінші жексенбісі;

Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласындағы қызметкерлер күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні – 2 қазан;

Автокөлік қызметкерлері күні – қазанның соңғы жексенбісі;

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметкерлер күні – 10 қараша;

Қылмыстық-атқару жүйесі күні – 13 желтоқсан.

Бұдан басқа, аталған мерекелер Үкіметтің 2024 жылғы 16 тамыздағы №668 қаулысымен бекітілгеніне байланысты аталған тізбеден Ұлттық баспасөз күні мен радио күнін алып тастау жоспарлануда.

Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарды тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық етті, – деп нақтылады министрлікте.

Бұйрықтың жобасымен "Ашық НҚА" порталында сілтеме бойынша танысуға болады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда Депутаттар күні бекітілуі мүмкін екенін жазған болатынбыз.