Жылу жүйесіндегі апат: Павлодардағы лагерьден балалар үйлеріне шұғыл жіберілді

Сырым Қаржас

Бүгін, желтоқсанның 7-сі күні сағат 5:30-да «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында жылу жүйесінде апатты жағдай болып, мектеп оқушыларының демалысын шұғыл түрде тоқтата тұруға тура келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Elitar.kz

Оқыс жағдай бойынша Павлодар қалалық білім беру бөлімі түсініктеме берді.

 Жылу магистраліндегі апат жылу жүйесіндегі қысымның төмендеуіне әкелді. Бұл оқиға төтенше жағдайлар департаментінде тіркелді. Қазіргі уақытта лагерьде болған 86 баланың барлығы Павлодарға жеткізілді. Пайдаланылмаған демалыс күндері үшін қаражат ата-аналардың шотына қайтарылады, – деп жазды қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.

Оның айтуынша, мамандар аумақты тексеріп, апатты ауыздықтау жұмыстарын атқарып жатыр.

Желтоқсан айында лагерьде жаңа маусым басталып, ата-аналар 86 баланы қала сыртына шығарып салған.  

Еске сала кетсек, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева Instagram желісіндегі парақшасында «Балдәурен» орталығындағы жағдай туралы жазба жариялаған болатын. Ол ата-аналардың сұрауы бойынша ол жерге жоспардан тыс барған. Үй-жайда шынымен салқын әрі тұрақты ұялы байланыс болмағаны анықталды, ал ғимараттардан бояу иісі шығып тұрған.

Еске сала кетсек, Ақтаудағы 39-шағын ауданның тұрғындары жолды жауып, әкіммен кездесуді талап етті. Олар пәтерлерінің суықтығына шағымданғысы келген.