Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі қамауға алынды

Сырым Қаржас

Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша тергеу аясында қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Түнде тергеуге келген кезде прокуратура оны ұстады. Ким Ён Хён президент Юн Сок Ёл жариялаған әскери жағдайды енгізуге қатысты негізгі фигуранттардың бірі. Президент өз шешімін «Солтүстік Кореяны қолдайтын күштерді жою және конституциялық құрылысты қорғау» қажеттілігімен түсіндірді, деп жазады Йонхап.

ОҚИҒА ЖЕЛІСІ

Желтоқсанның 3-і күні Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл «мемлекетке қарсы күштер» мен КХДР тарапынан қауіп-қатерге сілтеме жасап, әскери жағдай жариялады. Бұл қадам қатал сынға ұшырап, Сеулдегі наразылықтарға және демократиялық принциптерді бұзды деп айыптауларға себеп болды. Хабарламадан кейін бірнеше сағат ішінде парламент пен наразылық білдірушілердің қысымымен соғыс жағдайы алынып тасталды.