Ауа райына байланысты Алматы облысындағы республикалық жол жабылды

Сырым Қаржас

Алматы облысындағы республикалық тас жолдың бір бөлігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«2024 жылғы 8 желтоқсанда сағат 3.00-ден бастап Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдың «Алма-Тау туристік орталығына кіру» учаскесінде жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды. 0-15 км (Тұздыбастау ауылының учаскесі – Бесқайнар ауылы)», - делінген хабарламада.

Жол қозғалысының қайта қалпына келтірілуі 9 желтоқсан күнгі сағат 7.00-ге жоспарланған.

Еске сала кетсек, кеше «Қазгидромет» РМК елдің шығыс жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, оңтүстік-шығыс пен шығыста да қар жауып, көктайғақ болатынын хабарлаған.