Трамп Капитолиге басып кіргендерді кешірмек

Сырым Қаржас

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп 2021 жылдың 6 қаңтарында Вашингтондағы Капитолиге басып кіргені үшін сотталғандарды кешірмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

NBC News

– Мен өте тез әрекет етемін. Бірінші күні-ақ, - деді Дональд Трамп NBC News-ке берген сұхбатында.

АҚШ-тың сайланған президентінің айтуынша, оның сотталған жақтастары "жылдар бойы лас, жиіркенішті жерде күн кешкен". Бұл ретте ол барлық сотталғандарға рақымшылық жасамайтынын және істерді жеке қарайтынын нақтылады.

Трамптың айтуынша, "адам радикалды, ессіз" болған жайттар қаралады.

КОНТЕКСТ

2021 жылдың 6 қаңтарында сайлауда жеңіліп қалған, бірақ АҚШ президенті қызметінен әлі кетпеген Трамптың жақтастары президенттік сайлау қорытындыларын бекіту кезінде Конгресс ғимаратына шабуыл жасаған еді. Трамптың өзі жақтастарын Капитолиге баруға шақырған. Тәртіпсіздік кезінде бес адам қаза тапты. 140-тан астам полиция қызметкері жарақат алды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Капитоли "дауылының" артында тұрған негізгі күштер оңшыл Proud boys және Oath Keepers болған. 2023 жылдың мамырында сот Oath Keepers негізін қалаушы және жетекшісі Стюарт Родсты 18 жылға бас бостандығынан айырды. Ал 2023 жылдың қыркүйегінде бұрынғы Proud Boys жетекшісі Энрике Таррио 22 жылға сотталды. Капитолийге шабуыл жасау істері бойынша барлығы мыңнан астам адамның ісі сотта қаралды.