Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы коронавирус жағдай бойынша эпидемиологиялық ахуалда «жасылға» ауысты деп хабарлайды Ulysmedia.kz..
«Сары» аймақта Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары бар.
Осылайша «қызыл» аймақта бірде-бір облыс қалған жоқ.
Дегенмен Қазақстанда өткен тәулікте 488 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.