Олигархтардың ұлдарымен төбелесіп, сотталған актер түрмеден шықты

Қалижан Бектемір

Алматыдағы караоке-бардың бірінде ұсталған актер Асқар Жұмабек бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған белгілі актер Асқар Жұмабек қамаудан босатылды.

Видеода оның туғандары, туыстарымен қауышқан сәт көрсетілген.

Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Еске салсақ, бұған дейін олигархтардың ұлдарымен төбелескен актер 6,5 жылға сотталып кеткен еді.