Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әкесі өмірден өтті

Қалижан Бектемір

Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әкесі Уәли Құрманғалиев 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Қаралы хабар туралы журналист Төлен Төлеубай әлеуметтік желіде жазды.

Берік Уәли бауырымыздың асқар тауы құлапты. Уәли ақсақалды Алла алдынан жарылқасын! Бекем болыңыз, Беке!, – деп жазды ол.

Ulysmedia.kz ұжымы әріптесіміздің қайғысына ортақтаса отырып көңіл айтады.