«Шешім журналистикасы» жобасына биыл да өтінім қабылдана бастады

Сырым Қаржас

«Solutions Journalism Lab 2.0» жобасына өтінім қабылдау ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

https://solvefuture.kz/

ҚАНША ҮМІТКЕР ІРІКТЕЛЕДІ

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры «Solutions Journalism Lab 2.0» жобасына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды. Бұл жоба журналистерге, блогерлерге және медиасаланың мамандарына өздерін заманауи журналистика жанрында сынап көруге бірегей мүмкіндік береді. Аталған жанр қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, сондай-ақ олардың тиімді шешу жолдарын да ұсынады. 

Жобаның бірінші легіне зертхана резиденттері болып 45 үміткер іріктелмек. Олар келесідей мүмкіндіктерге ие болады: 

  • Оқыту. Сәтті материалдар шығару үшін резиденттер вебинарлар сериясы арқылы қажетті білім алып, тәжірибелі тәлімгерлердің жеке қолдауына ие болады. 
  • Ресурстарға қолжетімділік. Оларға дерекқорларға қолжетімділік пен заңгерлік кеңестер ұсынылады. 
  • Өтемақы. Жобаға қатысуға жұмсалған уақыт үшін резиденттерге материалдың күрделілігіне байланысты 200 000-нан 1 000 000 теңгеге дейін өтемақы қарастырылған. 

МЕРЗІМІ

Жоба өңірлік қазақ тілді журналистер мен БАҚ қызметкерлерінің қатысуына ерекше назар аударады. Өтінімдер 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін қабылданады. Алдыңғы маусымның резиденттері де жобаға жалпыға ортақ ереже негізінде қатыса алады. 

ҚАЛАЙ ӨТІНІМ БЕРУ КЕРЕК

Қатысу үшін жобаның ресми сайтына www.solvefuture.kz өтіп, анкетаны толтыру қажет.  Қосымша ақпарат үшін байланыс: эл.пошта: info@solvefuture.kz .Тел.нөмір: +7 777 400 2210.