Қазақстанда доллар бағамы тағы 5 теңгеге өсті

Қалижан Бектемір

12 желтоқсанда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық нәтижесінде доллардың бағамы 522,91 теңге болды, леп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Бір тәулікте доллар бағасы 5,17 теңгеге, ал бір ай ішінде 27,82 теңгеге көтерілген.

Қазақстандағы валюта айырбастау пункттеріндегі орташа бағамдар:

  • Доллар: сатып алу – 519-520 теңге, сату – 522-523 теңге.
  • Еуро: сатып алу – 544-5444 теңге, сату – 550-554 теңге.
  • Рубль: сатып алу – 4,9-5 теңге, сату – 5,05-5,13 теңге.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қаржыгерлер келер жылы теңге әлсірей түсіп, экономиканың дамуы төмендейтінін мәлімдеді

ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің бағасы 73,67 долларға тең.

Айта кетейік, Қазақстанда доллар күрт төмендеді. Бүгінгі саудада шамамен 10 теңгеге арзандап, айырбастау орындарында 516 және 517-ден сатылып жатыр. Осы орайда, төмендеу үрдісі сақтала ма, деген сауалға сарапшылар жауап берді. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі уақытта доллар бағамына болжам жасау мүмкін емес. Елдің қаржылық жағдайы әлемнің геосаяси бейнесіне өте тәуелді.