Ұлттық статистика бюросы қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанның халық саны 20 243 981 адам болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бюроның мәліметінше, ең жоғары табиғи өсім Түркістан облысында тіркелді – 36 628 адам, сондай-ақ Шымкентте (20 348) және Астанада (19 258) болды.
Биыл жыл басынан халық саны 210 139 адамға артты, оның басым бөлігін табиғи өсім құрады – 198 443 адам. Миграциялық өсім 11 693 адам болды.
Бүгінге дейін Қазақстанда 309 310 адам дүниеге келді. Жоғары туылу деңгейі Түркістан облысында 1000 адамға (25,14), Маңғыстау облысында (24,64) және Шымкентте (23,78) тіркелді.
Қазірге дейінгі кезеңде өлім-жітім саны 110 867-ге артты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3% аз. Өлім-жітім деңгейі ең жоғары облыстар – Солтүстік Қазақстан мың адамға (11,52), Шығыс Қазақстан (11,32) және Қостанай облыстары (10,17), бұл өңірлердегі халықтың жас құрылымына байланысты.
Бұған дейін Қазақстан халқы саны өсімінің 95 пайызы табиғи өсім есебінен болып отырғанын жазған едік.