Назарбаевтың денсаулығы мен жеке өмірі жайлы деректер құпия мәліметтер қатарына енгізіледі

Сырым Қаржас

Қазақстанда экс-президенттер мен олардың отбасы жайлы деректер құпия ақпараттар қатарына енгізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Сенат бірнеше заңнамалық актілерге, соның ішінде "мемлекеттік құпиялар туралы” заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Жобаға сәйкес, мемлекеттік құпияларға қазіргі президенттің, оның отбасының қауіпсіздігі, сондай-ақ оның денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтер ғана емес, сонымен қатар экс-президенттер мен олардың отбасылары туралы ұқсас ақпарат та енгізіледі.

Заң жобасын депутаттар қолдады, енді ол президентке қол қоюға жіберіледі.

НАЗАРБАЕВТЫҢ ОТБАСЫ

Нұрсұлтан Назарбаев - 2019 жылға дейін мемлекетті ресми түрде басқарған Қазақстанның бұрынғы президенті. 2022 жылы Қаңтар оқиғаларынан кейін өзін “зейнеткермін” деп хабарлаған. Елордаға бұрынғы атауы Астана қайтарылды. Бұрынғы мемлекет басшысы көпшілік алдында сирек пайда бола бастады, ал оның туыстарының үстінен іс қозғалды.