Tik-Tok Apple және Google-дің қолданбалар дүкенінен жойылады

Сырым Қаржас

АҚШ-тың апелляциялық соты танымал әлеуметтік желі бас компаниясының шағымын кері қайтарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

techpolicy.press

АҚШ заңгерлері Apple мен Google компанияларына TikTok қолданбасы дүкендерінен 2025 жылдың 19 қаңтарында жойылуы керек екенін ескертті.

АҚШ-тың федералдық апелляциялық соты қытайлық ByteDance компаниясынан TikTok әлеуметтік желіні сатпайынша АҚШ-тағы жұмысын тоқтатуды талап ететін заңды қолдады.

«Конгресс Америка Құрама Штаттарының ұлттық қауіпсіздігін және америкалық TikTok пайдаланушыларын Қытай Коммунистік партиясынан қорғау үшін шешуші шаралар қабылдады. Біз TikTok-ты дереу активтерді сатуға шақырамыз», - делінген сот шешімінде.

Әділет департаменті егер тыйым 19 қаңтарда күшіне енсе, ол TikTok жүктеп алған Apple немесе Google пайдаланушыларының «ТикТокты одан әрі пайдалануына тікелей тыйым салмайтынын» айтты. Сонымен бірге шенеуніктер қолдау көрсетуге тыйым салу «түптеп келгенде, қолданбаны жұмыс істемейтін етеді» деп мойындады.