Қазақстан ЭСКАТО статистика комитеті бюросының құрамына кірді және Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Олжас Төлеуов БҰҰ ЭСКАТО Статистика комитеті бюросы төрағасының орынбасары болып сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
9-13 желтоқсанда Бангкокта БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) ұйымдастырған жыл сайынғы Азия-Тынық мұхиты статистикасы апталығы өтті.
Іс-шараға ел атынан Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов қатысты.
Сапар барысында Олжас Төлеуов Ұлттық статистикалық қызмет басшыларына арналған семинарға қатысты.
Айта кетерлігі, Қазақстан ЭСКАТО Статистика комитеті бюросының құрамына кірді және Олжас Төлеуов онда төрағаның орынбасары болып сайланды.
Енді таяудағы екі жылда Қазақстан статистика комитетінің жұмысына белсенді қатысып, халықаралық статистикалық стандарттар бойынша өңірлік ұстанымды қалыптастырып, статистика саласында оқыту және техникалық қолдау бойынша ұсынымдар ұсынып, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жәрдемдеседі.
АНЫҚТАМА
БҰҰ-ның ЭСКАТО Статистика жөніндегі комитеті Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ресми статистиканы дамытуды үйлестіретін негізгі органы. Оның сессиялары екі жылда бір рет өткізіледі, ал Комитет Бюросы сессиялар арасындағы үздіксіз жұмысты қамтамасыз етеді.