Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін

Сырым Қаржас

«Қазгидромет» РМК елімізде ауа райының күрт өзгеретінін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік және оңтүстік циклондары әсер ететінін хабарлады.

«14-15 желтоқсанда жаңбыр араласқан қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, 16 желтоқсанда еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында қар жауады, қалың қар жауады», делінген хабарламада.

Республика бойынша көктайғақ, тұман, жел күшейіп, бұрқасын күтілетіні айтылды.

Ауа температурасы түнде республиканың солтүстік-батысында -10-18 аязға дейін, солтүстікте, орталықта -15-25 аязға дейін, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында -10-17 градусқа дейін, таулы аймақтарда -20-27 градусқа дейін төмендейді.