Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 – 529 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банктің ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 522,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,06 теңге. Еуро – 547,88.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522,73 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 526,75 теңге. Еуро 547,34 – 553,66 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 522,01 теңге, сатып алу құны – 529 теңге. Еуро 545,84 теңгеден сатылып, 553,04 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,01 - 5,12 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 15 желтоқсан қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге төмендеп, 522,49 теңге болған.