Синоптиктер ертең, 18 желтоқсанда еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, кей өңірде тұман түсіп, екпіні күшті жел мен бұрқасын соқса, енді бір өңірлерде 27 градусқа дейін аяз болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 25-27 градус қатты аяз болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда екпіні 17-22 м/с.
Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.
Ұлытау облысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстістігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкентте таңертең және күндіз көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі.
Астанада күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 25 м/с жетеді.
Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында ауа райына байланысты жолдың 80 шақырымы жабылған болатын.