Папа Рим Франциск өміріне жасалған қастандық туралы айтып берді

Ғалиасқар Думан

2022 жылы британдық арнайы қызметтер мен Ирак полициясы Папа Рим Францискке қарсы қос терактінің алдын алған. Бұл шабуыл оның сапары кезінде жоспарланған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қастандық екі жыл бұрын, Папаның Мосулға сапары кезінде болған. Оның ұшағы қонған сәтте оған қастандық жасалғалы жатқанын хабарлаған. Франциск сапарға бармауға шақырған кеңестерге қарамастан, сапарды жалғастырғанын мойындады.

Кейін белгілі болғандай, арнайы қызметтер жанкешті әйел мен жарылғыш зат салынған көлікті тоқтатқан.

– Жанкешті әйел, жас террорист, сапар кезінде өзін жарып жіберу үшін Мосулға бет алған, – деп мәлімдеді ол.

Қауіп туралы ақпарат алғаннан кейін Франциск қауіпсіздік қызметкерлерінен террористердің тағдырын сұраған. Оған қысқа жауап қайтарылып, олар енді жоқ екенін айтқан.

ПАПА РИМ ФРАНЦИСК

Франциск француздың Корсика аралына сапары кезінде Украинада бейбітшілікті тезірек орнатуға шақырған.

Сондай-ақ ол Украинада бейбітшілік орнату миссиясына қатысатынын айтқан.