Елде бір тәулікте 500-ден астам адам коронавирус жұқтырды

Ulysmedia

Ведомствоаралық комиссия 16 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы деректерді жария етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Өткен тәулікте елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 546 адам тіркелді. Ал 577 адамның осы вирустан айыққаны хабарланып отыр.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның І компонентін 8 888 767 адам, ІІ компонентін 8 345 536 адам салдырды.

Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы 16 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының I дозасын 203 284 адам, ІІ дозасын 31 809 адам ектірген.

17 желтоқсандағы мәлімет бойынша бүгінгі таңда елде 20 002 адам коронавирус инфекциясынан (17 392 КВИ+ және 2 610 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 3 468 пациент стационарда болса, 16 534 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 281 адамның жағдайы ауыр болса, 81 пациенттің жағдайы өте ауыр. 63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.