Айлықтың аздығы, қымбатшылық пен жемқорлық – Қазақстанда халықты тағы не алаңдатады

Сырым Қаржас

DEMOSCOPE бюросы зерттеуінде Қазақстанда халықты қандай мәселелер алаңдататынын анықтап көрген. Ол үшін сауалнама жүргізген, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ

– Өтіп бара жатқан жылдың тағы бір маңызды индикаторы – азаматтарды ең көп мазалайтын мәселелер. DEMOSCOPE мәліметі бойынша, қазақстандықтарды ең көп алаңдататын мәселелер: төмен жалақы мен табыс деңгейі (37,6%), ең қажетті тауар бағасының өсуі (28,3%), жемқорлық (26,8%). Тағы ескеретін жайт, DEMOSCOPE-тың бұған дейінгі сауалнамалары бойынша, табыстың төмен болуы және жемқорлық білікті кадрлардың шетелге кетуінің негізгі себебі және отандық спорттың дамуына кедергі келтіреді, – делінген зерттеуде.

Сонымен қатар, негізгі әлеуметтік проблемалар қатарында:

  • Зейнетақының, жәрдемақының, шәкіртақының деңгейі – 20,6%
  • Қоршаған ортаның ластануы – 19,3%
  • Білім беру жүйесінің жағдайы – 16,2%
  • Денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы – 16,1%
  • Қымбат тұрғын үй мен оның нашар жағдайы – 13,1%
  • Жұмыс орнының тапшылығы және жұмыспен қамтудағы қиындықтар – 12,7%
  • Көлік инфрақұрылымының нашарлығы (жолдар, тротуарлар және т.б.) – 9,3%.

Бұған дейін DEMOSCOPE қазақстандықтардың жартысынан көбі бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы екенін хабарлаған болатын.