Димаш жаңа бейнебаянында өзінің қартайған шағын көрсетті

Ulysmedia

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Хабар» телеарнасының эфирінде ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен Димаш Құдайбергеннің «Өмір өтер» атты өлеңінің бейнебаянының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Бейнебаянда әр түрлі дәуірдегі, жастағы, жыныстағы, таптағы адамдар бейнеленген. Олардың өмірден өткеніне біраз уақыт болған, бірақ өзінен кейін ұлы мұра қалдырған аты аңызға айналған тұлғалар және әлі де өз жолынан өтіп, жаңа шыңдарға қол жеткізуге тура келетін қазіргі Қазақстанның қарапайым жас тұрғындары», – дейді бейнебаянның режиссері Анна Обоянская.