Disney-дің бір анимациясы қазақ тілінде кинотеатрларға шықты

Сырым Қаржас

Disney-дің “Муфаса: Арыстан патша” атты жаңа шытырман оқиғалы фильмі кинотеатрларда  қазақ тілінде көрсетіліп жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Фильм кинотеатрларда 2024 жылы 19 желтоқсаннан бастап қазақ және орыс тілдерінде шыққан. Фильм дубляжына танымал жұлдыздар қатысқан. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының негізгі солисті әрі әйгілі опера әншісі Зарина Алтынбаева Афияның вокал партияларын орындап шықты.

– Бұл мен үшін мүлдем жаңа тәжірибе. Менің кейіпкерім Афияны дыбыстаған театр сахнасысында опера арияларын айтқанмен бірдей қиын боп шықты! Композитор Лин-Мануэль Миранданың керемет музыкасынан да, өз кейіпкерім, Муфасаның анасы Афияның бейнесінен де шабыт алдым, – дейді ол.

Басты кейіпкерлерді дыбыстағандар:

  • Ерасыл Мұхамадиев — Муфаса
  • Бахтияр Байсерік — Пумба
  • Дулыға Ақмолда — Рафики
  • Асан Мәжіт — Кирос

Қазақ тіліндегі вокал партияларын орындағандар:

  • Abik Jeksen — Муфаса
  • Динара Сұлтан — Сараби
  • Музыкант Jaman T — Таир Сахиев — Жас Рафики
  • Әнші Ace — Зазу.

Қазақша дубляж режисөрі әрі Таканың қазақша дауысы мен әндерін орындаған — Шах-Мұрат Ордабаев. Музыкалық жетекші — Әнел Сіргебаева.