Президент Ұлттық экономика министрін қызметінен босатты

kazakhexport.kz

Нұрлан Байбазаров Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды", делінген ресми ақпаратта.

Айта кетейік, ол бұл қызметті 2024 жылдың ақпан айынан бері атқарып келеді. Бұған дейін Байбазаров «Бәйтерек» ұлттық холдингін басқарған.

Сізге қызық болуы мүмкін