Павлодар прокурорлары қазақша ақпараты жоқ ресейлік дүкенге салынған айыппұлдың күшін жойды

Сырым Қаржас

Павлодар прокуратурасы тауарларда қазақ тілінде ақпараты болмаған ресейлік Fix Price дүкендер желісіне салынған айыппұлдың күшін жойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзденс

Прокуратураның мәліметінше, Павлодарда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Fix Price дүкендер желісінің иесіне санитариялық ережелерді бұзды деп, тауарда мемлекеттік тілде ақпараттың жоқ болғаны үшін айыппұл салған.

– Бұрын осы факті бойынша құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған іс болған. "Лауазымды тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінің" нәтижесінде заңды тұлғаға 6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, ол прокуратураның наразылығы бойынша жойылды, - делінген ресми хабарламада.

Жақында Астанадағы Qazaq cofee кофеханасына барған бір азамат қазақ тілінде қызмет көрсетілмегені үшін ескерту жасаған. Ол кофехананың 2gis парақшасына сол ескертуін “қазақ тілінде мәзір жоқ” деп жазып кеткен. Кофехана кешірім сұрап, кемшілікті түзетудің орнына қазақ тілін білуді қызметкерлерінен талап етпейтінін айтқан. Оны да орысша жазған. Осы жауабы – кофехананың өз-өзіне айтылған үкімдей болды. 2gis парақшасында 5 балдың 4,8 балымен үздік кофехана болып тұрған Qazaq cofee парақшасына 15 мыңға жуық адам пікір қалдырып, бәрі де “1” деген бағаны қойып кеткен. Әрі қазақ тілін талап еткен. Кофехана көп өтпей жабылып қалған.