Ақтаудағы МАЭК-те құбыр құлап, жұмысшы қаза тапты

Ғалиасқар Думан

Маңғыстау атом электр станциясында (МАЭК) жұмысшы қаза тапты. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Lada.kz

Оқыс оқиғаға өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу себеп болған. Дегенмен облыстық полиция оқиғаның мән-жайын нақтыламады.

Lada.kz анықтағандай, сенімді дереккөздердің ақпараты негізінде жөндеу цехы шеберінің жұмыс орнында қаза тапқаны белгілі болды.

“Бейресми дереккөздің хабарлауынша, жөндеу цехының шебері сағат 16.00 шамасында жұмыс орнында көз жұмды. Өлім құбырдың құлауы салдарынан орын алды. Облыстық полиция бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді”, деп жазды Lada.kz.

Аталған факт бойынша еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр, деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.