NASA зонды Күнге тарихта болмаған рекордтық қашықтықта жақындамақ

Ғалиасқар Думан

NASA-ның ғарыштық зонды Рождество қарсаңында Күнге ең жақын рекордтық қашықтықта жақындайды. Бұл зонд Күнге Жерден ұшырылған ғарыш аппараттарының ешқайсысы осы күнге дейін жете алмаған ең жақын қашықтықта жақындауға бет алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

NASA

Бұл туралы BBC News хабарлады.

Parker Solar Probe қатал температура мен экстремалды радиацияға төтеп бере отырып, жұлдыздың сыртқы атмосферасына кіреді.

Осы ұшу кезінде, керемет жоғары температураның әсерінен бірнеше күн бойы құрылғымен байланыс үзілген. Ғалымдар оның аман қалу мүмкіндігін 28 желтоқсанда таңғы сағат 05:00-де ғана біле алады. Яғни жоспар бойынша осы уақытта оларға зонд бір хабарын беруі керек.

Осы ғылыми сапар арқалы NASA зонд Күннің қалай жұмыс істейтінін тереңірек тануға көмектеседі деп үміттеніп отыр.

«Адамдар Күнді ғасырлар бойы зерттеп келеді, бірақ сіз оған жақын бармайынша атмосфераның нақты суретін ала алмайсыз. Яғни біз оған жақын ұшпайынша, жұлдызымыздың атмосферасын шынымен бағалай алмаймыз», дейді NASA ғылыми жетекшісі Никола Фокс BBC-ге.

Parker Solar Probe күн жүйесінің орталығын бетке алып 2018 жылы сапарға шықты.

Ол Күннің жанынан 21 рет ұшып өтіп, оған барған сайын жақындап келеді, бірақ Рождество қарсаңындағы бұл сапар рекордтық көрсеткішке жетуі тиіс. Ең жақын нүктесінде зонд күн бетінен 6,2 миллион км қашықтықта болуы керек.
Зонд 1400 градус Цельсий температурасына және борттық электрониканы зақымдауы мүмкін радиацияға төтеп беруі керек.

Ғалымдар ғарыш кемесі біздің жұлдыздың сыртқы атмосферасынан – оның тәжінен өткенде, олар көптен келе жатқан құпияны шеше алады деп үміттеніп отыр.