Желтоқсанның 24-і күні Алматының «Шұғыла» шағын ауданында жантүршігерлік оқиға болды: жанжал кезінде пышақ жарақатынан 20 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Полицейлердің мәліметінше, Наурызбай аудандық полиция басқармасы адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал шығып, нәтижесінде олардың бірі пышақ ала жүгірген», делінген хабарламада.
Суық қару тәркіленіп, қазіргі уақытта оқиғаның қалған мән-жайлары анықталып жатыр.