Сәрсенбі күні Қазақстанның біраз өңірінде тұман түседі

Ғалиасқар Думан

«Қазгидромет» РМК синоптиктері сәрсенбі, 25 желтоқсан күні еліміздің бірқатар аймағын тұман басатынын болжады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: priroda.club / Михаил Дубровинский

Ақмола облысында батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман күтіледі.

Астанада да кей жерлерде тұман болуы мүмкін.

Алматы облысында солтүстікте, оңтүстікте, таулы аймақтарда кей жерлерде тұман күтіледі. Алматы аспанын түнде және таңертең тұман торлайды. Қонаевта 25 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысында Алакөл көлдері аймағында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысында оңтүстікте, батыста, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман күтіледі. Шымкентте түнде және таңертең тұман болады деп болжанып отыр. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман тарауы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстікте, шығыста және оңтүстікте тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Абай облысын батыста, шығыста және орталықта тұман торлайды.

Қостанай облысында 25 желтоқсанда түнде және таңертең шығыс пен оңтүстікте тұман күтіледі.

Атырау облысында батыста, солтүстікте, оңтүстікте тұман күтіледі. Атырауда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең солтүстікте және орталықта тұман күтіледі.

Жамбыл облысында 25-26 желтоқсанда оңтүстікте, таулы аймақтарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында жылдамдағы 15-20 м/с. Таразда 25-26 желтоқсанда кей жерлерде тұман күтіледі.

Павлодар облысында оңтүстікте және шығыста тұман болады. 25 желтоқсанда Павлодарда тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында 25 желтоқсанда батыста, солтүстікте, шығыста көктайғақ, тұман күтіледі. Оралда 25 желтоқсанда көктайғақ, тұман болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында 25 желтоқсанда солтүстікте, шығыста және оңтүстікте тұман күтіледі. Петропавды 25 желтоқсанда тұман торлайды.