Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Ақтауда облыстық ауруханаға түскен әуе апатынан зардап шеккендердің тізімін жариялады. Олардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, Маңғыстау облыстық ауруханасына 29 адам түскен. Оның ішінде 2 бала бар. 11 адам ауыр жағдайда реанимацияға жеткізілген. Олардың арасында қазақстандықтар жоқ.
Балалардың жағдайы:
1. Арсбаефа Мариям 13.08.2013 ж. Алдын ала диагнозы: миы шайқалған. Беті, мұрыны, жамбасы көгерген, абразиялары бар.
2. Джерова Салихат Хазриловна 22.01.2008 ж. Алдын ала диагноз: Миы шайқалған. Аяғы сынған. Травматикалық шок алған.
– Қазір апат орнында жұмыс тоқтатылды. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы 4 мәйіттің басында, қалғандары ТЖМ деректерінен кейін анықталды, - деп хабарлады дәрігерлер.
ТОҚАЕВТЫҢ КӨҢІЛ АЙТУЫ
Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
– Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді, – делінген жеделхатта.
ҰШАҚ АПАТЫ
25 желтоқсанда Ақтау әуежайының маңында ұшақ құлаған еді. Оқиға орнынан видео желілерде тараған. Кадрларда ұшақ күрт биіктігін жоғалтып, құлап бара жатқаны көрінеді. Оқиға орнына арнайы қызметтер жеткен. Оқыс оқиға Сайын Шапағатов ауылында болғанын хабарланды. Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі ұшақ Баку қаласынан Грозныйға бағыт алғанын мәлім етті.
Қолда бар ақпарат бойынша ұшақ апатына оның құсқа соғылып, рульді басқаруда туған қиындық себеп болған.
ТЖМ министрлігінің дерегінше, бортта 69 адам болған, оның 5-еуі экипаж мүшесі. Оның ішінде Әзірбайжаннан 42 адам, Қазақстаннан адам, Қырғызстан 3 адам, Реейден 16 адам бар.
Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына Премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді.
BEK AIR ҰШАҒЫНЫҢ АПАТЫ
Желтоқсанның аяғы қазақстандықтар үшін ірі ұшақ апатын еске салады да тұрады. Биыл Алматыдағы Bek air Fokker 100 ұшағының құлағанына 5 жыл болады. Астанаға бет алған Z92100/BEK2100 нөмірлі ішкі рейс әуе көлігі көтерілмей жатып оң жаққа күрт қисайып, артқы жағы бірнеше рет жерге тиіп, бетон қоршауды бұзған күйі әлі салынып бітпеген екі қабатты үйге соғылған.
Қайғылы жағдайдан 1996 шығарылған ұшақтағы 98 адамның 12-сі қаза тапқан.