Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұшақ апаты орнында болды

Ғалиасқар Думан

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұшақ апаты болған жерге барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Gov.kz

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Өңір басшысы оқиғаның мән-жайын біліп, құтқару жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар барлық құзырлы органға тиісті тапсырмалар берді және барлық жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында”, деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Желтоқсанның 25-і күні Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын ресми мәлімдеді. 

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде ұшақ құлаған жерден қара жәшік табылды.